EXPO-2017

Қазақстан вокзалдары ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалуда

Астана, Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды, Көкшетау, Бурабай шипажайы вокзалдарының қызметкерлері халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысында ағылшын тілін үйренуде, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан25 Наурыз , 18:39

Вокзалдардың кезекшілері, анықтама бюросының қызметкерлері, дикторлар екінші жарты жылдықта тіл үйренуге кіріседі. Ағылшын тілін үйрену барысында темір жол саласының өзіндік ерекшелігі де қарастырылған. Ол арқылы қазақстандық вокзалдардың шетелдіктерге қызмет көрсету сапасы жақсарып, оларға билет алуға, бағдарларды анықтауға жәрдемдесетін болады.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық аясында темір жол вокзалдарында арнайы баннерлер ілініп, тақырыптық бейне роликтер түсіріледі.

Вокзалдарда халықаралық «ЭКСПО -2017» көрмесі қарсаңында билет кассаларын ашу жоспарлануда.




Яндекс.Метрика