Өңірлер

Ақмола облысында қуаттылығы тәулігіне 120 мың литр сүт өнімін құрайтын кәсіпорын ашылады

Ақмола облысында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында ет өңдеу кешенін дамыту бойынша жұмыстар белсенді атқарылуда, деп хабарлады Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ақмола25 Наурыз , 18:21

Бүгінде облыстың үш ауданында түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Бурабай ауданында жылдық қуаты 1500 тонна ет өнімін құрайтын зауыт, Бұланды ауданында бройлерлік құс фабрикасы, Шортанды ауданында доңыз кешені және қуаттылығы жылына 60 тонна ет өнімін құрайтын қаз өсіру фермасы ашылады.

Сондай-ақ, Шортанды ауданында өндірістік қуаттылығы тәулігіне 120 мың литр сүт өнімін құрайтын 3000 бастық, сүт өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібі салынуда.     

Одан өзге, «Родина» Агрофирмасы» ЖШС сүтті сиыр санын 2000 басқа дейін арттыру жолымен сүт-тауарлы фермасын кеңейтуді жоспарлауда.  

 




Яндекс.Метрика