Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Ақмола облысында 2 мектепке 12 жылдық білім беруді біртіндеп енгізе басталды

Көкшетау қаласында Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» жүзеге асыру аясында 12 жылдық білім беруді біртіндеп енгізу мәселесі бойынша әкімдікте мәжіліс болды.
Ақмола25 Наурыз , 17:36

Ұлт жоспарының 76-шы қадамында ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ кезең-кезеңімен ЕНГІЗУ, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру мәселесі айтылған. Республикада 30 мектеп пилоттық жоба ретінде қолға алынса, соның екеуі Ақмола облысында.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, бүгінгі таңда еліміздің 100 мектебі эксперименттік жүйеде оқытылуда. Солардың қатарында Ақмола облысының 2 мектебі бар. Олар Бұланды ауданындағы Никольская орта мектебі мен Степногорск қаласындағы көпсалалы № 5 мектеп-лицей.

Эксперименттік жобаны жүзеге асыру барысында кабинеттер ең қажетті техникалық қондырғылармен жабдықталып, интерактивті тақталар орнатылған. Оларды оқытатын ұстаздарға 25 % үстемақы төленеді. 2015 жылы 29 мұғалім Астанаға келіп білімдерін жетілдірген. 




Яндекс.Метрика