ҚР ИИДМБ

Қазақстан Эмират пен Ауғанстанға жұмыртқа экспорттай бастады

Осы жылдың наурыз айында «Қазгер-Құс» қазақстандық компаниясы Ауғанстанға тауық жұмыртқасын жеткізу туралы келісімге қол қойды. Келісім Бахрейн, Иран, Ауғанстан нарығына логистикалық және ветеринарлық сертификаттар проблемасына қарамастан жасалған. Бұл туралы «KAZNEX INVEST» АҚ-ң баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан25 Наурыз , 17:06

««KAZNEX INVEST» АҚ-ы мен ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің іс-әрекетінің нәтижесінде жедел түрде транзиттік коды бар сертификатқа қол жеткізіліп, Ауғанстанға алғашқы жеткізілім жүзеге асты. Болашақта жұмыртқа экспортын Ресейге ұлғайтпақпыз және басқа да нарыққа шығуды жоспарлап отырмыз»,-деп атап өтті «Қазгер-Құс» ЖШС-ң директоры Борис Оздоев.

«KAZNEX INVEST» АҚ-ң мәліметі бойынша 2015 жылы Қазақстан құс фабрикаларында 4,7 млрд. дана жұмыртқа өндірілген. Ал, 2015 жылғы жұмыртқа экспорты 2,4 млн. АҚШ доллары немесе 2,9 мың тонна. Қазіргі таңда жұмыртқа өнімі еліміздегі қажеттілікті 100% қамти алады.

«Қазақстанның ірі құс фабрикасының мәліметі бойынша, компания өнім қуатын арттырып, жылына 700 млн. дана жұмыртқа экспорттауға дайын. Отандық жұмыртқа өндірушілер «KAZNEX INVEST» АҚ-ң  қолдауымен биыл Ауғанстан сияқты бірқатар елдердің нарығына жол ашты», - дейді «KAZNEX INVEST» АҚ-ң өкілі Сәуле Сабыр.  

Еске сала кетейік, «Қазгер-Құс» ЖШС 2010-2014 жылдардағы индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы және «Астана қаласының азық-түлік белдеуі».




Яндекс.Метрика