Инвестициялар

Ақтөбе облысының Темір ауданында ауыл шаруашылық саласына 104 млн теңге инвестицияланды

2015 жылы Темір ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 12 миллиард теңгеге жуық болды, деп аудан әкімі Бауыржан Қаниев айтты.
Ақтөбе25 Наурыз , 18:07

Оның айтуы бойынша, 2015 ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 11 млррд 797 млн теңгені құрады, 9,6 мың тонна ет өндірілді және 23,7 мың тонна сүт өнімі. Салаға 104 млн теңге инвсетицияланды, өндірушілерге 148,2 млн теңгені субсидиялау түрінде мемлекеттік көмек жасалды.

«Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламасы бойынша жүз пайыз жоспарды орындау бақылануда және осыған орай ірі қара мал мен жылқыны ұлғайттық. Ірі қара малдың 1785 басы Цехтағы берілді , 15 тонна ет экспортталды. Ауданда жылыгна еттен  қуаттылығы 40 тонна шұжық жасайтын цех асу жоспарланған және қуаттылығы 90 тонна сүт жасайтын екі сұт өндіретін ферма»,-деді әкім.

Көбінесе, әрбір 11 округке 20-30 гектар жер бөлінген.

Сонымен қатар, биыл Ақсай ауылдық округі мен Темір қ. екі ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін ашу жоспарланып отыр.

Жалпы алғанда, ауданда 1555 ШЖС тіркелген, оның 1519-ы белсенді жұмыс істеуде. 2015 жылы ауданда 36 жаңа бизнес-жоба іске асырылды, жергілікті кәсіпкерлер өз бизнестерін кеңейту мақсатында 91 млн 800 мың теңге көлемінде несие алды.

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика