Парламент

Мәжіліс Төрағасы орынбасарлығына В.Божко мен Г.Исимбаева сайланды

ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасарлары ретінде Владимир Божко мен Гүлмира Исимбаева сайланды. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжіліс төрағасы лауазымына қайта сайланған Бақтықожа Ізмұхамбетов ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында айтты.
Нұр-Сұлтан25 Наурыз , 13:45

«Төрағаның екі орынбасары болады. ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасарлары ретінде  Владимир Божко мен Гүлмира Исимбаеваның кандидатурасын ұсынамын»,-деді ол.

Мәжіліс төрағасы айтып өткендей, В.Божко ұзақ уақыт бойы жауапты мемлекеттік органдарда еңбек етті, бүгінгі күнге дейін ҚР ішкі істер министрінің орынбасары қызметінде еңбек етті. Г.Исимбаева бірнеше уақыт Парламент Мәжілісінің депутаты болды.

Бұл кандидатуралар бірауыздан Мәжіліс депутаттарының тарапынан қолдау тапты.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика