Парламент

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы лауазымына Б.Ізмұхамбетов сайланды

ҚР Парламентінің төменгі палатасының жалпы отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы лауазымына Бақтықожа Ізмұхамбетов сайланды.
Нұр-Сұлтан25 Наурыз , 13:24

«ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы лауазымына Бақытқожа Ізмұхамбетов ұсынылады. Ол көп жылдар бойы түрлі қызметте еңбек етті. 20 жылдан астам уақыт «Қазмұнайгазда» еңбек етті, сонынмен қатар мемлекеттік органда да жұмыс істеді. Мысалы, ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрі. Сондай-ақ, Мәжіліс депутатының қызметімен таныс. Бұл адам өзіне қойған міндеттерді жақсы орындайды және 5 институционалдыр реформаны іске асыруда, басқа да бағдарламаларда белсене қатысты»,-деді ҚР Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров.

Шешім бірауыздан қабылданды.

Айта кетейік, Бақытқожа Ізмұхамбетов 1948 жылы Гурьев облысы Денгіз ауданында өмірге келді. Уфаның мұнай иститутын бітірді. Техника ғылымдарының докторы.

1971-1991 жж «Эмбамұнай» бұрғылау бірлестігінде түрлы қызметте жұмыс істеді, «Қазмұнайгазбарлау» бақсармасында, Қазақ геологиялық зерттеу мұнай институтында, шетелдік іссапарда мұнайбарлау экспедиция құрамында еңбек етті.

1991-1992 жж – ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің басшысы

1992-1993 жж – ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің Мұнай және газ басқармасының бастығы

1993 жылдан бастап 2003 жылға дейін - «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорнның Бас директоры, «ҚазМұнайГаз»ҰК» үлес басқармасының атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясының Бас директоры, «ҚазМұнайГаз»ҰК» акцияларын басқару жөнінде бірлескен кәсіпорын басқарушы директоры.

2003 жылдың желтоқсан айы мен 2006 жыл – ҚР Энергетика және минералдық ресурстардың бірінші вице-министрі.

2006-2007 жж. - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі

 2007 жылдан  2012 жылға дейін – Батыс қазақстан облысының әкімі

2012 жылдың қаңтар айынан – 5 шақырылымдағы ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары.

2012 жылдың 15 тамыз айынан бастап Атырау облысының әкімі болып істеді.

 «Құрмет» ордені, ІІ дәрежелі «Барыс» ,«Петра Великого» І дәрежелі (Ресей), «За заслуги» (Украина) марапатталды.

Ағылшын және түрік тілдерін біледі.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика