Білім беру

ШҚО-да Халықаралық жас ғалымдар форумы өтуде

Наурыз айының 25-і мен 31-і аралығында Шығыс Қазақстан облысында зияткер элитаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін VI халықаралық жас ғалымдар форумы өтеді,и деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан25 Наурыз , 14:49

VI Халықаралық  жас ғалымдар форумы Қазақстан-Америка еркін университетінде өтеді. Отандық және шетелдік жоғары оқу орын оқушыларырының талқылайтын тақырыбы заманауи ғылыми бағыт:  қолданбалыдан инновацияға дейінгі зерттеу.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық қоғамдық жүйедегі әлеуметтік-экономикалық дамуды ғылым қамтамасыз етеді.  Сондықтан бүгінгі заманауи студенттер тек кәсіби маман ретінде ғана білім алып қоймай, зерттеу жұмыстарын да жасай білулері керек.

Аймақтағы студентердің ғылымды дамытуға белсенді араласулары үшін арнайы бағдарлама бар. Олар академиялық тәжірибе алмасу жұмыстарына қатысады. Сонымен қатар, Еуропа, Азия, Америка сияқты елдердің жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық байланыс орнатады.

Атап өту керек, ШҚО жоғары оқу орындарында ғылыми іс-шаралар жиі ұйымдастырылып отырады. Ол өз кезегінде студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға және студенттердің, магистранттардың, доктаранттардың  ойлау қабілеттерін арттыруға зор септігін тигізеді. 




Яндекс.Метрика