Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Н.Назарбаев: Қазақстанда 10 жыл ішінде 660 мың жаңа жұмыс орны құрылады

Қазақстанда 10 жыл ішінде 660 мың жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда, оның ішінде 70 мыңы өңдеу және инновациялық салаларында, деп ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуына арналған ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында айтты.
Нұр-Сұлтан25 Наурыз , 12:13

«Бизнесті дамыту мүддесі үшін экономика мен еңбек қатынастары саласындағы ұлттық заңнама қайта түрленді. Фермерлер мен аграрлық кәсіпорындарды қоса алғанда отандық ірі, орта және шағын бизнес үшін барынша жайлы шарттар мен ынталандыру тетіктері құрылды. Бүкіл елде жаңа өндірістер мен  жаңа жұмыс орындары пайда болуда. Таяу 10 жылда 660 мың, оның ішінде қайта өңдеу мен инновациялық секторларда 70 мың жаңа жұмыс орындары құрылады», - деді ҚР Президенті.

Елбасының атап өтуінше, Қазақстан экономикасына жаңа инвестициялық серпін берілді. Еліміз бизнес жүргізу жеңілдігі индексінде әлемнің 189 елі арасында 41-ші, ал еңбек нарығының тиімділігі бойынша 140 елдің арасында 18-ші орында тұр.

«Шетелдік инвесторларға жасыл дәліз ашық. Аграрлық секторға Германиядан, Италия мен Қытайдан стратегиялық инвесторлар жұмылдырылған. Олар Ақмола облысының екі ірі сүт өнімдері фермасының құрылысына қатысады, сонымен қатар  ШҚО, Ақтөбе облысы, БҚО, Қостанай облыстарында жыл сайынғы 37 мың тонна қуаттылықпен ірі заманауи ет комбинатының жобасына»,-деді Елбасы.

Сонымен қатар ҚР Президенті осы кәсіпорындардардың жалпы инвестициясы  шамамен 66 миллиард теңгені құрайтындығын атап өтті.

Анар Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика