Адами капитал

ҚР Қарулы Күштерінде Армия ойындарына қатысу үшін үздік танк экипаждары іріктелуде (ФОТО)

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 10810 әскери бөлімінде армия ойындарына дайындық жоспарына сәйкес өңірлік қолбасшылық бөлімшелері арасында танк биатлоны бойынша сайыстарға қатысу үшін үздік танк экипаждарының іріктелуі өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 25 Наурыз, 13:04

Қорытындысы бойынша бөлімде 8 танк экипажы іріктелді. Оның 4-еуі былтырғы жылы «Алабино» полигонында Армия халықаралық ойындары – 2015 сайысынла Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің намысын қорғады. 10810 әскери бөлімінің танк экипаждары осы жылы да танк биатлоны бойынша халықаралық жарыстарда ҚР Қарулы Күштерінің намысын қорғауға дайын.  «Біздің тарапымыздан тәжірибе мен дағды бар, алайда, бұған қарамастан, қалған танк экипаждары дүйім жұртқа жақсы дайындалғандарын көрсетуге әзір.

Танк экипаждарымыз барлық іріктеу кезеңдерінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, халықаралық сайыстарға іріктелінеді деп үміттенеміз», - деді бөлім әскери қызметшілері. 10810 әскери бөлімінің танкіші әскери қызметшілері Қазақстан Қарулы Күштерінің арасында ғана емес, сонымен бірге әлем елдерінің армиясы арасынла көшбасшы әрі үздіктердің бірі болып табылатынын айта кетейік.

Олар әлемнің әртүрлі елдері арасында негізгі және қосымша қарудың танктерінде орнатылған танкті жүргізу және дәл оқ ату өнерінде экипаждар арасындағы сайыстарда, танк биатлонында бірнеше мәрте өздерінің кәсіби дайындықтарын дәлелдеп келеді. Осы жылы Армия халықаралық ойындары – 2016 сайысының бағдарламасына далалық, әуе және теңіз дағдысы бойынша 23 байқау кіреді деп жоспарлануда.  Жарыс 21 әскери полигонда, оның ішінде екі қазақстандық полигонда өрістетіледі. Өткен жылы алғашқы «АрМИ-2015» Армия халықаралық ойындары өткенін естеріңізге сала кетейік. Қазақстанның Қарулы Күштері үш байқауға қатысты. Әскери теңізшілер мен теңіз жаяу әскерлері – «Каспий теңізіне», әскери ұшқыштар – «Авиадартсқа», танкішілер – «Танк биатлонына». Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері «Авиадартс» пен «Каспий теңізінде» екінші орын және «Танк биатлонында» төртінші орын иегерлері атанды.


 





Яндекс.Метрика