Парламент

Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттары Қазақстан халқы алдында ант берді

VI шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында жаңа сайланған депутаттар Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант беріп жатыр. Депутаттардың антын Президент Нұрсұлтан Назарбаев қабылдауда.
Нұр-Сұлтан25 Наурыз , 11:46

«ҚР Конституциясының 44 және 55-баптарына сәйкес Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын, сондай-ақ ҚР Конституциялық кеңесі туралы конституциялық заңның 6-бабы негізінде Конституциялық кеңестің жаңадан тағайындалған мүшелеренің антын ҚР Президенті қабылдайды. Салтанатты түрде ант беру рәсіміне кірісуге рұқсат етіңіздер», - деді Парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Отырысқа Мәжілістің 107 депутаты мен 45 сенаторы қатысты.

Айта кетейік, Астанада VI шақырылымдағы ҚР Парламентінің  бірінші сессиясын Қазақстан Президенті ашты. Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін Мәжілістің жалпы отырысы өтеді деп жоспарланған.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика