Парламент

Н.Назарбаев Үкіметке барлық мектептерде интернеттің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды

Үкіметке әкімдікпен бірге барлық мектептерде индернеттің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуына арналған ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында айтты.
Нұр-Сұлтан25 Наурыз , 11:16

«Үкіметке әкімдікпен бірге барлық мектептерде индернеттің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырамын. Осымен қатар ұлттық операторлар әлеуметтік жауапкершілік танытулары керек, яғни мектептер үшін арнайы тариф ұсынылу тиіс»,-деді Мемлекет басшысы.

Н.Назарбаевтың айтуынша, ғалымдардың болжауымен 2020 жылға дейін тұрғындардың 50 пайызы цифлры балалар болады.

«Жаңа ұрпақтарға цифрлық әлемде тұруға, оқуға және жұмыс істеуге тура келеді, сол себепті мектептерді ақпараттандыруды жалғастыруымыз керек. Онысыз білім сааласында жаңа тапсырмаларды шеше алмаймыз. 2500 мектеп интернетке қосылды, 1500 мектепке қосымша тағы қаражат бөлінді. Көптеген елдің үкіметтері бұл мәселені бақылауда ұстауда және біз де бұны бақылауымыз керек»,-деді Елбасы.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика