Парламент

Н.Назарбаев барлық мектептерге зияткерлік мектеп типіндегі білім беру бағдарламасын енгізуді ұсынды

Барлық мектептерге зияткерлік мектеп типіндегі білім беру бойынша жаңа мазмұнды енгізу қажет. Бұл туралы Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев VI шақырылған Парламенттің бірінші сессиясында мәлiмдедi.
Нұр-Сұлтан25 Наурыз , 11:12

«Мен Қазақстанда 20 зияткерлік мектептің құрылысы туралы жарияладым. Бүгінде барлық 20 зияткерлік мектеп ел бойынша тұрғызылды. Бұл мектептегі білім беруде өте үлкен серпін. Оларда білім беру  бойынша жақсы көрсеткіштер болып жатыр», - Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы айтқандай, осы жылы 30 мектепте   бірінші сыныпқа енгізу жоспарланып отыр.

«Алайда, бұл жұмыс өте баяу жүргізілуде. Зияткерлік мектептерде апробациядан өткен бағдарлама елде 3-4 жыл ішінде енуі керек еді. ҚР БҒМ-ға бұл жұмысты жүзеге асыруды тапсырамын», - деді Елбасы.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика