Өңірлер

Ақтөбеде аула клубы ашылды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Ақтөбе жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан қала жастарының бос уақытын тиімді үйлестіру және олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға арналған аула клубының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе25 Наурыз , 20:41

Күндізгі уақытта клубты 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың, ал кешкі уақытта жастардың келуі жоспарланып отыр.

“Аула клубының ғимаратын «Батыс - 2» ауданы «Степной» тұрғын үй массиві, № 6 «Г» үйінің құрылысын салған «Соллерс» ЖШС-і құрылыс компаниясымен мемлекеттік меншікке тегін берілді. Клубтың аумағы 450 шаршы метрді құрайды, «ҚИК» бағдарламасымен салынған аула клубы тұрғын үй массивінің 1 қабаты мен жертөлесінде орналасқан”, - делінген хабарламада.

Орталықта жаттығу залы, хореография, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, сурет, домбыра үйірмелері, сондай-ақ қаламыздағы жастар ұйымдары мүшелерінің бас қосып, арнайы семинар – тренингтер өткізетін бөлмелері орналасқан.Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Нұр-Ақтөбе және 11 мөлтек ауданында ғимараттары аула клубына бейінделетін және аула клубы ретінде қайта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілетін 2 аула клубын ашу жоспарлануда.

Өткен сенбіде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Ақтөбе жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан қала жастарының бос уақытын тиімді үйлестіру және олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға арналған аула клубының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Күндізгі уақытта клубты 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың, ал кешкі уақытта жастардың келуі жоспарланып отыр.

Аула клубының ғимаратын «Батыс - 2» ауданы «Степной» тұрғын үй массиві, № 6 «Г» үйінің құрылысын салған «Соллерс» ЖШС-і құрылыс компаниясымен мемлекеттік меншікке тегін берілді. Клубтың аумағы 450 шаршы метрді құрайды, «ҚИК» бағдарламасымен салынған аула клубы тұрғын үй массивінің 1 қабаты мен жертөлесінде орналасқан.

Орталықта жаттығу залы, хореография, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, сурет, домбыра үйірмелері, сондай-ақ қаламыздағы жастар ұйымдары мүшелерінің бас қосып, арнайы семинар – тренингтер өткізетін бөлмелері орналасқан.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Нұр-Ақтөбе және 11 мөлтек ауданында ғимараттары аула клубына бейінделетін және аула клубы ретінде қайта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілетін 2 аула клубын ашу жоспарлануда.

 




Яндекс.Метрика