Парламент

ҚР Президенті: Мемлекеттік қызмет реформасы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді қайта аттестациядан өткізетін шешуші кезең

Тең мүмкіншіліктер жүйесі ретінде мемлекеттік қызметтің жаңа мансап моделі бекітілді.Мемлекеттік қызметтін реформасы шешуші кезеңге кіреді және ол әкімшілік мемлекеттік қызметті қайта аттестациялаумен байланысты. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуына арналған ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында айтты.
Нұр-Сұлтан25 Наурыз , 11:02

«Мемлекеттік аппаратты меритократиялық жағдайда жұмыс істеуге бағыттаған шара қабылданды. Егер өткен жылдың 3 айында осындай аударудан 1722 шенеунік өтсе, биыл бар болғаны 90 шенеунік»,-деді Президент.

Н.Назарбаевтың айтуынша, Тең мүмкіншіліктер жүйесі ретінде мемлекеттік қызметтің жаңа мансап моделі бекітілгендіктен, мемлекеттік қызметке ең құзыреттіі және білікті мамандар іріктеу үш деңгейлі жүйе енгізілді.

«Кадрға тәжірибесіне орай мамандар таңдалатын болады. Ең білікті әрі сауатты мамандарды мемлекеттік қызметке іріктеудің үш сатылы жүйесі енгізілді. Кадрлар білімі, тәжірибесі бойынша іріктеп алынады. Мемлекеттік  аппаратта жалақыны теңестіру мұнан ары болмайды. Кім жақсы жұмыс істесе сол мол жалақы алады. Мемлекеттік қызметті реформалау әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қайта аттестациялаудың шешуші кезеңіне кіреді»,-деді Елбасы.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика