Парламент

Мемлекет басшысы ҚР Парламентінің VI-шы шақырылым депутаттарына заңнамалық жұмыстар бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді

Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуына арналған ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында заң шығармашылығындағы атқарылатын негізгі жұмыстар бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Нұр-Сұлтан25 Наурыз , 10:56

Алтыншы шақырылымдағы Парламенттің алдында бірқатар маңызды заңнамалық міндеттерді шешу мәселесі тұр.  Ең бірінші кезекте бірыңғай Салық және Кеден кодексін қабылдау қажет. Ол құжаттар барлық фискалды процедураларды қамтамасыз ететін болуы тиіс. Екіншіден, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекстің қабылдануына орай осы саланы реттейтін барлық нормалар бір ғана заңнамалық актіге шоғырланатын болады. Үшіншіден, қолданыстағы электр энергетикасы туралы заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Бұл энергия тасымалдаушы ұйымдарды ірілендіру үшін қажет. Төртіншіден, монополияға қарсы саланы реформалаудың екінші кезеңі аясында дереу бәсекелестік мәселесі туралы заңнамалық актіге өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет. Бесіншіден, болашақта мемлекеттік қызметті бәсекелестік ортаға беру туралы заңнаманы жаңғырту қажет. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары туралы мәселе бойынша жеке бюджеттік басқару тиімділігін арттыру туралы заңнамалық актілерді жетілдіру керек»,-деді Н.Назарбаев.

Анара Таныркулова




Яндекс.Метрика