Парламент

Н.Назарбаев: 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан жаңа құқықтық институционалдық ортада өмiр сүредi

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан жаңа құқықтық институционалдық ортада өмiр сүредi. Бұл туралы Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев VI шақырылған Парламенттің бірінші сессиясында мәлiмдедi.
Нұр-Сұлтан25 Наурыз , 10:48

«2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан жаңа құқықтық институционалдық ортада өмiр сүредi. Бұл ретте 59 заң мен 400-ден астам заң актiсi қабылданды. Бұрынғы жоспарлардың барлығы қазiр жүзеге асуда. Әр қазақстандық азамат үшiн дамыған елдердегiдей жаңа мүмкiндiктер ашылып отыр», - дедi Елбасы.

Мемлекет басшысының айтуынша, бiрiншiден, мемлекеттiк аппаратты меритократия шарттарымен жұмысқа қабылдау шаралары қабылданды.

Жұмысқа топпен ауысу тоқтатылды. Егер өткен жылы үш айда 1722 шенеунiк ауысса, биыл олардың саны 90-ға дейін қысқарды. Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметтiң жаңа карьералық моделi бекiтiлдi. Мемлекеттiк қызметке бiлiмдi, сауатты қызметкерлердi iрiктеудiң жаңа үш сатылы жүйесi бекітiлдi. Еңбекақы тең төленбейдi, кiм жақсы жұмыс iстейдi, сол көп жалақы алады.

«Ашығын айтатын болсақ, салмақты мемлекеттік шешімсіз  және  біз үш жыл бұрын қабылдаған  жаңа заңдар мен стратегиялық бағдарламаларсыз біздің жағдайымыз әлдеқайда басқаша болар еді.  Бұл біздің стратегиялық мақсаттар мен 2050  Стратегиясы, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен Ұлт жоспарына байланысты», - деді Елбасы.

Елбасы, сондай-ақ, мемлекеттiк қызметтi дамыту саласында басқа да атқарылған жұмыстарға тоқталды.

 

 




Яндекс.Метрика