Парламент

Н.Назарбаев: Сайлау қазақстандық бірегейлікті нығайтатын тарихи акт болды

Біздің сайлау қазақстандық бірегейлікті нығайтатын тарихи акт болды, деп ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуына арналған ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында айтты.
Нұр-Сұлтан25 Наурыз , 10:33

«Өткен сайлау біздің еліміз үшін тарихи маңызды шара. Олардың нәтижесі  қазақстандықтардың бірлігі жоғары ұлт екендігін көрсетті. Біздің сайлау қазақстандық бірегейлікті нығайтатын тарихи акт болды.  Сайлауға дауыс беру біз жариялаған Ұлт жоспарын қолдау аясында плебисцит болды. Біздің халық саяси көшбасшылықты «Нұр Отан» партиясына берді. Мен тағы да 25 жылдық тәуелсіздік мерейтойында  тарихи сайлаудың нәтижесімен құттықтаймын, соынмен қатар Мәжілістің жаңа шақырылымдағы депутаттарына да құттықтаймын,-деді Н.назарбаев.

Естерінізге сала кетейік, Парламент Мәжілісіне үш пратия кірді.  Ол «Нұр Отан» партиясы – 82,20 %, Қазақстан коммунистік халық партиясы- 7,14%, «Ақ жол» демократиялық партиясы-7,18% . Осылайша, «Нұр Отан» 84 мандатқа ие болды, Ақ жол» демократиялық партиясы – 7 мандатқа және Қазақстан коммунистік халық партиясы – 7 мандатқа ие болды. Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына сайланғандар: Әбдрахманов Сауытбек Әбдрахманұлы; Божко Владимир Карпович; Жұмаділдаева Наталья Васильевна; Ким Роман Ухенович; Микаелян Наринэ Гамлетовна; Мұрадов Ахмет Сейдарахманұлы; Нурумов Шаймард.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика