Парламент

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының бірінші сессиясын ашты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының бірінші сессиясын ашты.
Нұр-Сұлтан25 Наурыз , 10:09

«Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, бүгінгі жиын қатысушылары  ҚР Конституциясының 59 бабына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының бірінші сессиясын ашық деп жариялаймын», - деді Елбасы.

Айта кетейік, Астанада ҚР Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуына орай Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Бірлескен отырыстан кейін Мәжілістің жалпы отырысы өтеді деп жоспарланған.+

Естеріңізге салып өтсек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.




Яндекс.Метрика