Адами капитал

Қазақстанның сайлау тәжірибесі Ресей мен Беларусияда өтетін сайлауда талап етіледі - сарапшылар

Қазақстандық «Еуразия мониторингі» сараптамалық зерттеу орталығы, «Каспи-Еуразия» Халықаралық заманауи зерттеу орталығы және «Астрахань-24» телеарнасы «Қазақстандағы кезектен тыс Парламент Мәжілісінің сайлауы: жаңа Мәжіліске тың саяси күштің баруы, стратегиялық күн тәртібі, сыртқы жағдай» тақырыбында бейне конференция өткізді.
Нұр-Сұлтан25 Наурыз , 09:38

Бейне конференцияға қатысушылар кезектен тыс парламент сайлауының қорытындысы мен Қазақстандағы жаңа сайлау үдерісінің ерекшелігін талқылады. Бұдан бөлек, Парламент Мәжілісіне тың саяси күштің баруы және Қазақстанның саяси даму перспективалары, ресей-қазақстан қарым-қатынасы туралы сараптамалық болжамджар жасады.

Бейне конференция аясында алматылық «Альтернатива» өзекті зерттеу орталығының директоры Андрей Чеботаревтың «Қазақстандағы Парламенттік сайлау-2016: ерекшелігі мен қорытындысы» тақырыбындағы баяндамасы таныстырылды. Сайлаудың басты ерекшелігі ретінде сарапшы біріншіден, сайлаудың кезектен тыс өткенін айтса, екіншіден, облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттарын сайлау қатар жүргенін атап өткен.

««Нұр Отан» партиясы болашақ депутаттардың құрамын жаңартуға ерекше мән берген»,-дейді сапашы.

«Еуразиялық мониторинг» сараптамалық зерттеу орталығының директоры Әлібек Тәжібаев талқылауға қосылып, жалпы сайлау барысындағы процестердің тыныш өткенін айта келе, үгіт-насихат компанияларының бейбіт түрде жұмыс жүргізгендерін айтты.

«Менің көзқарасым бойынша, сайлау наурыз мерекесі қарсаңында өтті. Наурыз-бұл жаңарудың белгісі, барлық қазақстандықтардың бірігетін мерекесі. Осыған байланысты қазақстандықтардың дауыс беретін күні белсенділіктерінің қаншалықты маңызды болғанын бағалау қиындау болды»,-деді Ә.Тәжібеав.

«Астрахань-24» телеарнасының саяси шолушысы ( Астрахань қ.) Александр Васильев Қазақстанда өткен парламенттік сайлау компанияларының тәжірибесін Ресей меңгеруі қажет, деп атап өтті. Өйткені жақында оларда да сайлау өтетін болады.

«Қазақстан әлем бойынша шикізат тауарының құны құлдырап, дағдарыс салқыны тиіп жатқан уақытта сайлау өткізді. Бұл объективті поцесс. Жаһандық экономикаға бет-бет келген Қазақстан өзінің экономикалық әртараптандыру бағытын нақты айқындап алды. Экономикадағы кез-келген өзгеріс миллиондаған халыққа әсер етпей қоймайды. Әсіресе, элитаны шоғырландырмай, қоғамның келісімінсіз экономикалық реформа жүзеге асуы мүмкін емес. Осы тұрғыдан алып қарағанда Қазақстанның дағдарыс кезінде сайлау өткізу тәжірибесі Ресей үшін де құнды бағыт болмақ»,-деді А. Васильев.

«Каспий-Евразия» Халықаралық заманауи зерттеу орталығының басшысы (Астрахань қ.) Андрей Сызранов Қазақстандағы сайлауға қатысты мүдделер Ресейде де, шекара маңындағы аймақтарда, соның ішінде Астрахань облысына да тығыз байланыста болуға себепші бола алады, деп атап өтті.  

«Қазақстандағы тұрақтылық біз үшін де бірлесе даму үшін маңызды. Астрахань облысында  айтарлықтай қазақ қоғамы өмір сүреді. Сонымен қатар, Астрахань облысының қазақтары мен Атырау облысының қазақтарының арасында туыстық қарым-қатынас бар. Орыстар да дәл солай»,-деді А. Сызранов.

Конференция қорытындысында сарапшылар Қазақстанның сайлау тәжірибесі Ресей мен Беларусияда өтетін сайлауда талап етілуі керектігі туралы тоқтамға келіп тарқасты. 




Яндекс.Метрика