Білім беру

Астаналық оқушылар республикалық олимпиадада үздік атанды

Көкшетауда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада аяқталды. Бес күн бойыеліміздің барлық өңірлерінен жиналған 735 оқушы түрлі бағыттар бойынша сайысты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан24 Наурыз , 20:27

Жаратылыстану-политехникалық бағытта астаналықтар жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, «Үздік команда» атанды.

Олимпиаданың іріктеу турларындабарша Қзақстаннан 350 мың оқушы бағын сынады. Ақтық сынға математика, физика, химия, биология, география және информатикадан ең үздік оқушылар өтті.

Техника саласындағы жаңашылдықтар да тыс қалған жоқ. Олимпиаданың ашылу салтанатында оқушылар мен студенттердің инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.

Соңғы кезеңнің қорытындысы бойынша елордалық оқушылар жаратылыстану-политехникалық бағытта жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды, соның ішінде 5 алтын, 11 күміс және 16 қола медальға қол жеткізді.

Сонымен қатар, екі бала Алматы қаласының Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің грантына ие болды. 

 




Яндекс.Метрика