EXPO-2017

ЭКСПО-2017 көрмесі Мәскеудегі халықаралық туристік көрмеде таныстырылды

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы наурыз айының 23-і мен 26-сы аралығында Мәскеуде өтіп жатқан XXII-ші халықаралық «Саяхат және туризм» көрмесіне қатысуда.
Әлемде24 Наурыз , 20:04

Аталмыш көрмеде ресейлік ірі туристік фирмалар үшін Ұлттық компания өкілдері ЭКСПО-2017-ң турөнімінің тұсаукесерін таныстыруда роуд-шоу ұйымдастырады. Бағдарлама аясында Астана қаласына  және ЭКСПО-2017 көрмесіне келу туры таныстырылады, делінген ұлттық компанияның хабарламасында.

Сонымен қатар, туризм, туроператорлар, Ресей Федерациясы ұйымдары мен ТМД елдерінің екі жақты ұлттық және аймақтық басқармаларының кездесуі болады. Туристерді көрмеге туристік компаниялар арқылы, 1Travel компаниясы арқылы тарту келісіміне қол жеткізілген.

Еске сала кетейік, MITT көрмесі Бүкіләлемдік көрме индустриясы ассоциациясының белгісімен 1994 жылдан бері өтіп келеді. Жыл сайын көрмеге бүкіл әлемнің үздік туристік бизнес өкілдері жиналады. Биыл көрмеге 192 елден 2000 компания қатысады.

 




Яндекс.Метрика