Парламент

Сенат «жасыл экономикаға» көшу туралы заңға түзетулерді қарастырды

ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысының екінші оқылымында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңы қабылданды.
Нұр-Сұлтан24 Наурыз , 16:54

«Заң жобасы Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған. Оның қабылдануы аталмыш салада заңнамалық базаны жетілдіруге септігін тигізеді. Заң жобасында 12 заңнамалық актілерге түзетулер енгізу қарастырылған. Заң жобасын талқылау барысында, комитеттер мен Сенат депутаттарының ұсыныстары мен ескерулерін қарастыра келе, заң жобасына кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек болды»,-деп депуттаттарға заң жобасын таныстыру барысында депутат С.Біләлов атйп өтті.

Сонымен қатар, оның атап өткеніндей, «аталмыш өзгертулер, негізінен, су саласындағы стандарттарды әзірлеу мәселелерін, кеңейтілген өндіруші жауапкершілік принциптерін, стандарттарды, қалдықтармен жұмыс жасау барысында экономикалық талаптарды, жаңартылатын энергия көздерін және Каспий теңізінің экологиялық мониторинг дамуын қамтиды».

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, заң жобасын әзірлеу және заңды техникаға түзетулер енгізілді.




Яндекс.Метрика