Парламент

Сенат Австриямен арадағы жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келiсiмдi ратификациялады

2020 жылға дейiн Қазақстан мен Австрия арасындағы автомобиль көлiгiмен жасалатын тасымалдар көлемi екi есеге артады. Бұл жөнiнде ҚР Парламентi Сенатының пленарлық отырысында "Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Австрия Республикасы Үкiметi арасындағы жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" ҚР заң жобасын талқылау барысында ҚР Инвестициялар және даму министрi Әсет Исекешев мәлiмдедi.
Нұр-Сұлтан24 Наурыз , 16:32

«Австрия Республикасы халықаралық автомобиль саласындағы маңызды әрiптес болып табылады. Қазақстан мен Австрия арасындағы тасымалдар көлемi жыл сайын өсуде және екi ел арасындағы автомобиль тасымалдарын реттейтiн құқықтық негiз құру мақсатында жүктердiң халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келiсiмге қол қойылған. Келiсiмге сәйкес, екiжақты экспорттық, импорттық, транзиттiк тасымалдар, сондай-ақ, үшiншi елдерден елдерге тасымалдар рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады. Аталған шарттар Қазақстанның тасымалдаушылары үшiн тиімдi және келiсiмдi ратификациялау Қазақстанда халықаралық автомобиль тасымалын одан әрi дамытуды қамтамасыз етедi. Сондай-ақ, екi мемлекет арасындағы жүк тасымалдарын ұлғайтуға ықпал етедi», - дедi Ә.Исекешев.

Заң жобасын қарастыру барысында депутаттардың сұрақтарына жауап берген министр екi мемлекет арасындағы жүк тасымалы алдағы төрт жылда шамамен 19 мың тоннаға жетедi деген болжамымен бөлiстi.

«Өткен жылы Қазақстан мен Австрия арасындағы автомобиль көлiгiмен жүк тасымалы көлемi 9400 тоннаны құрады. Ал 2020 жылға дейiн Австриямен жүк тасымалы көлемi екi есе артады деп ойлаймыз», - дедi министр.

Пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша аталған заң жобасы қабылданды. 

 




Яндекс.Метрика