Басқару

В.Косарев: Сайлау кампаниясынан кейін ҚХКП партиясының жұмысы екі есе көбейді

Сайлау кампаниясынан кейін Қазақстанның халықтық коммунистік партиясының жұмысы екі есе көбейді, деді Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев журналистерге берген сұхбатында.
Нұр-Сұлтан24 Наурыз , 17:19

«Сайлау кампаниясынан кейін  ҚХКП  жұмысы екі еселенді. Сайлаушылармен кездесу барысында біз ұсыныстар топтамасын алдық. Елдің саясаты өзгеріп, еңбек адамының тарапына ауысуда. Бұл өзгерісті орындау оңай емес», - деді В.Косарев.

Ол айтып өткендей, партияның жағдайы үкіметке түскен ұсыныстар бойынша өзгермейді.

«Біз партия болғандықтан үкімет біздің ұсыныстарға көңіл аударғандығын талап ететін боламыз», - деді В.Косарев.

Айта кетейік, 24 наурыз күні ОСК Парламент Мәжілісінің 5 шақырылым депутаттарын тіркеді. Осындай көрсеткішпен сайлау қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың 82,2% дауысын жинап, Мәжілістегі 84 орынға ие болды. Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы – 7 орын және Қазақстанның халықтық коммунистік  партиясы – 7 орынға ие болды.  

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика