Парламент

Сенат ҰҚШҰ мүшелерімен әскери заттарды тасымалдау ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялады

Бүгiн ҚР Парламентi Сенатының пленарлық отырысында депутаттар "2003 жылғы 28 сәуiрдегi Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердiң темiр жолдарын техникалық бүркемелеудiң бiрыңғай жүйесiн құру туралы келiсiмнiң қолданыс мерзiмiн ұзарту және оған өзгерiстер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасын ратификациялады.
Нұр-Сұлтан24 Наурыз , 15:42

"Хаттамаға өткен жылғы 15 қыркүйекте Душанбеде қол қойылды. Хаттама келiсiмiнiң қолданыс мерзiмiн 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт мерзiмiне дейiн сәйкес ұзартылды. Хаттаманың мақсаты 2016 жылғы 23 қаңтарда аяқталуына байланысты оның мерзiмiн ұзарту болып табылады" - дедi ҚР Қорғаныс министрiнiң орынбасары Талғат Мұхтаров.

Сонымен қатар, пленарлық отырыста "Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкiн, сондай-ақ, әскери мақсаттағы өнiмдi тасымалдау саласындағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердiң ынтымақтастығы туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасын ратификациялады.

Келiсiмдi ратификациялау ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердiң әскери-техникалық ынтымақтастығының дамуына, сондай-ақ, өңiрлiк және ұжымдық қауiпсiздiктi одан әрi нығайтуға ықпал ететiн болады. 

 




Яндекс.Метрика