Парламент

V шақырылымдағы Парламент депутаттары Мемлекет басшысының заңнамалық қамтамасыз ету реформаларына лайықты үлес қосты – Тоқаев

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев V шақырылымдағы Парламент депутаттарының жұмыстарына қорытынды жасады.
Нұр-Сұлтан24 Наурыз , 15:17

«Қазақстан тәуелсіз дамуының 25 жыл ішінде Парламенттің әрбір шақырылымы заманның талабына орай, экономикалық және саяси дамудың миссиясын абыроймен орындады. V шақырылымдағы Парламент депутаттары Мемлекет басшысының заңнамалық қамтамасыз ету реформаларына лайықты үлес қосты. Осы уақыт ішінде Парламент пен Үкімет 500-ден астам заңдарды қабылдады»,-деді ол.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев құқықтық актілерді қабылдау «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруда қажет екендігін атап өтті және Парламенттің ең басты тақырыбы болды. Сондай –ақ, «қысқа уақыт ішінде президенттің Ұлт жоспары «100 нақты қадамы» үшін заңдар қарастырылып, қабылданды».

«Осыған орай, Мен сенаторлар мен ҚР Парламентінің қызметкерлеріне алғыс білдіргім келеді»,-деді Қ.Тоқаев.

Сонымен бірге, спикердің айтуы бойынша, Парламент Мәжілісінің уақытша болмаған кезеңінде Сенаттың конституциялық өкiлеттiктерiне сәйкес дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған 57 заң жобасы бойынша жұмыстар өткізілді. Аталмыш жобаны талқылау барысында сенаторлар мыңнан астам түзетулер енгізді.




Яндекс.Метрика