Парламент

Қ.Тоқаев: «Нұр Отан» партиясының айқын жеңісі халқымыздың Мемлекет басшысына деген шексіз сенімін білдіреді

«Нұр Отан» партиясының айқын жеңісі халқымыздың Мемлекет басшысына деген шексіз сенімін білдіреді және оның жүргізіп отырған реформасын қолдайды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев Сенат отырысын ашқан кезде айтты.
Нұр-Сұлтан24 Наурыз , 14:52

««Нұр Отан» партиясының айқын жеңісі халқымыздың Мемлекет басшысына деген шексіз сенімін білдіреді және оның жүргізіп отырған реформасын қолдайды. Бұл сайлаулар тағы бір рет көпұлтты Қазақстан халқының келісімі мен бірлігін барша әлемге паш етті. Сенат депутаттары Мәжілістегі әріптестерімен Мемлекет басшысының стратегиясын заңнамалық қамтамасыз етуде тізе қоса жұмыс атқаратынына сенімдімін» ,-деді Қ.Тоқаев.

Еске сала кетейік, наурыздың 20-сы күні Қазақстанда Парламент Мәжілісі депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өткен болатын. Сайлау қорытындысы бойынша, «Нұр Отан» партиясы 6 183 757 дауыс жинады немесе сайлаушылардың  82,2 % бас партияға дауыс берген. Қазақстан халықтық коммунистік партиясы мен Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы шамамен бірдей дауыс жинаған. Оларға сайлаушылардың 7,14 % және 7,18 %-ы дауыс берген.

«Ауыл» халықтық демократиялық партиясы  2,01 %, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 1,18 %, «Бірлік» саяси партиясы 0,29 % дауыс жинаған.

Осындай көрсеткішпен сайлау қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың 82,2% дауысын жинап, Мәжілістегі 84 орынға ие болды. Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы – 7 орын және Қазақстанның халықтық коммунистік  партиясы – 7 орынға ие болды.  




Яндекс.Метрика