Басқару

ОСК Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаттарын тіркеді

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеді, деді ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
Нұр-Сұлтан24 Наурыз , 14:23

“Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 12, 45, 46, 97-1 және 98-баптарына сәйкес алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 107 депутатын тіркеді”, - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Олардың ішінде:«Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша – 84 депутат;Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясының партиялық тізімі бойынша –        7 депутат;Қазақстан Коммунистік Халық партиясының партиялық тізімі бойынша – 7 депутат;Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған 9 депутат.

Тіркелген барлық депутаттарға Орталық сайлау комиссиясының отырысында тиісті куәліктер мен омырауға тағатын белгілер тапсырылды.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика