Ұлттың денсаулығы

Универсиада-2017: Алматыда қала тұрғындарына арналған қоғамдық жаттығулар ұйымдастырылды

28-ші Бүкіләлемдік қысқыУниверсиада-2017 жобасы аясында Алматы тұрғындарына арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру үшін тауға жаяу көтерілу де ұйымдастырылды.
Алматы қаласы 24 Наурыз, 18:46

Универсиада-2017 дайындық бойынша ұйымдастыру дирекциясы хабарлағандай, наурыз-маусым айларының әр сенбісінде  ҚР тұңғыш Президенті саябағында Қазақстанның кәсіпқой фитнес-тренері Бауыржан Кәріповтың басшылығымен жалпыхалықтық тегін спорттық жаттығу жұмыстары өткізіледі        

«Алматыда бұқаралық спорт жақсы дамуда. Қоғамдық жаттығулар қала тұрғындарын біріктіріп, олардың денсаулықтарын нығайта түседі.Дирекцияның бастамасымен ұйымдастырлып жатқан бұл шаралар оңтүстік астана тұрғындарына өз пайдасын тигізіп, спорттың дамуына үлесін тигізеді деп үміттенеміз. Жалпы, Универсиаданы Алматы қаласында өткізу спорт пен спорттық инфрақұрылымның дамуына жаңа бір күш береді», - деді  тұңғыш Президент саябағында алғаш рет жаттығу жұмыстарын жүргізген тренер Бауыржан Кәріпов. Биылғы жылы имидждік спорттық шараларға бөлінетін қаржының қысқартылуы нәтижесінде Алматы қаласындағы бұқаралық спорт шығындары 20 есе артты.

Бауыржан Кәріпов – Қазақстандағы ғана емес, ол әлемдік дәрежедегі ең мықты бапкерлердің бірі. Өз-өзін қорғау және тойтарыс беру «Барыс» мектебінің, Алматы қаласындағы Myai-Tai мен кикбоксинг мектептерінің  негізін салушы. АҚШ-тың ең танымал спорт клубтарында қызмет атқарған. «Жұлдызды тренер» (тренер әйгілі киножұлдыздар, ресей мен америкалық эстрада жұлдыздарын спортқа бауылған)титулының иегері. Бауыржан Кәріпов көптеген спорттық жарыстарда жүлделі болған. Ол каратэ, кик-бокстың түрлі жарыстарына және Америка Чемпионатында триатлонға қатысқан.

Қоғамдық жаттығу жұмыстарына кез-келген адам қатыса алады. Ол наурыз-маусым айларының әрбір сенбісінде, таңғы сағат 10-да  Республиканың Тұңғыш Президенті саябағында өткізіледі. Универсиада-2017 Дирекциясы «Dostyk Crossfit» спорт клубымен бірігіп наурыз-маусым аралығында тауға жаяу көтерілу ұйымдастырды. Кез-келген адам қатыса алады. Тауға шығатын топтың жиналуы әрбір жексенбіде таңғы сағат 10-да «Шымбұлақ» курортының автотұрағында өткізіледі.  

 





Яндекс.Метрика