EXPO-2017

ЭКСПО-2017 ел дамуының негізгі нүктесі болады – сарапшы

ЭКСПО-2017 алдағы кезде ел дамуының негізгі нүктесі болады. Біз осы жерде болатын жаңа білімді, тәжірибені, компанияларды иеленудеміз. Бұл туралы Еуразиялық интеграция институтының экономикалық зерттеулер бөлімінің бастығы Владимир Тельнов Strategy2050.kz АА эксклюзивті берген сұхбатында айтты.
Нұр-Сұлтан24 Наурыз , 12:18

«Біз «жасыл экономика» саласындағы барлық мамандарды шақырдық. ЭКСПО-2017 алдағы кезде ел дамуының негізгі нүктесі болады. Біз осы жерде болатын  жаңа білімді, тәжірибені, компанияларды иеленудеміз. Болашақта олармен бірге болашақты анықтайтын өнеркәсіпті құра аламыз және оның барлығы индустриалды-инновациялы дамуында серпінді бағыттардың бірін қамтамасыз ете алады»,-деді В.Тельнов.

Сарапшының айтуы бойынша, «жасыл экономиканың» мағынасы – энергия мен экономиканы қайта жандандыру.

«ЭКСПО-2017 мақсаты – бұл болашақтың энергиясы. Бұл жерде экономикаға зиян келтірмейтін жұмыстар ретін құруымыз керек. Жаңа экономикаға көшу барлық қазақстандықтар мен саяхатшылардың назарын аудартады. Халықаралық көрмеге орай, Қазақстан халықаралық тәжірибе алатын болады»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, ЭКСПО көрмесі – жаһандық маштабты шара. ЭКСПО-2017 Қазақстанға ірі инвесторларды тарту үшін әзірленген. Сонымен қатар, ЭКСПО арқылы еліміз жаңа технологиялар мен инновацияны ала алады және оның барлығы «жасыл экономиканың» дамуына септігін тигізеді.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика