Халықаралық интеграция

ҚР ІІМ және РФ ТЖМ арасында ынтымақтастықты жандандыру туралы хаттамаға қол қойылды

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және апатты оқиғалардың салдарларын жою істері жөніндегі министрі Владимир Пучковпен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 24 Наурыз, 11:46

Кездесу барысында ведомство басшылары ынтымақтастықты жандандыру туралы хаттамаға қол қойды.

Хаттама халықты төтенше жағдайлардан қорғау саласында қазақстан-ресей арасындағы өзара іс-қимыл жасасу деңгейін арттыруға бағытталды.  

Онда екі елдің тиісті ведомстволарының апатты оқиғаларды болжау, алдын алу және салдарын жою мәселелері бойынша   ынтымақтастығын жандандыру көзделеді.

Сонымен бірге Хаттамада халықты және аумақты табиғи апаттардан, техногендік апаттардан қорғау саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ төтенше жағдайларға ықпал ету мәселелерінде кешенді шараларды пысықтау мақсатында тұрақты түрде кездесулер мен кеңейтілген кеңестер өткізу шаралары қамтылған.

Трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында шекаралық деңгейде өзара іс-қимыл жасасуға ерекше назар аударылатын болады.

Кездесу достық жағдайда өтті және төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жою бойынша жан-жақты өзара іс-қимыл жасасуды арттыруға екі тараптың да мүдделі екенін көрсетті.

 





Яндекс.Метрика