Халықаралық интеграция

Малайзия ОСК басшысы өз студенттеріне Назарбаев Университетінде оқуға кеңес бермек

Мен малайзиялық студенттердің ағылшын тілінде білім беретін президенттік университетте оқуларына ықпал етуге дайынмын. Бұл туралы Малайзия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мохд Хашим Абдулла Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте айтты.
Нұр-Сұлтан24 Наурыз , 11:19

«Мен Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмын. Астананың керемет ғимараттары мен дамыған инфроқұрылымдарын атап өткім келеді. Қала халқы да өте мейрімді, қонақжай екен. Сіздерде барлық бағыт бойынша инфроқұрылым жақсы дамыған екен. Халықаралық бақылаушы ретінде Назарбаев университетіндегі сайлау учаскесінде болдым. Маған ол жердің инфроқұрылымы мен білім беру жүйесі қатты ұнады. Мен малайзиялық студенттердің ағылшын тілінде білім беретін президенттік университетте оқуларына ықпал етуге дайынмын»,-деді Мохд Хашим Абдулла

Бұдан бөлек, ол жастардың белсенді дауыс бергені таңдандырды, деп атап өтті.

«Сайлау болған күні ата-аналар балаларымен келіп, оларға бюлетеньді сайлау жәшігіне салуға мүмкіндік беріп жатты. Балалар ата-аналарының жасағанын жасайтыны сияқты, олар болашақта дауыс беру мәдениетін білетін болады»,-деп қосты Мохд Хашим Абдулла.

Сонымен қатар, халықаралық бақылаушы Малайзияның Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның сайлау өткізу тәжірибесін пайдалануды жоспарлап отырғанан атап өтті.

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика