Өңірлер

«Даму» Қоры және ҚаРМТУ өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

«Даму» Қоры және Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қарағанды24 Наурыз , 10:21

Меморандум мәні «Даму» Қорының Кәсіпкерлердің әлеуетін жоғарылатудың Бірыңғай бағдарламасы аясында «Студенттік жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» жобасын бірігіп жүзеге асыру болып табылады.

17 мен 20 наурыз күндері 4 күн ішінде жоба қатысушылары - жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының студенттері ҚарМТУ базасында бизнес-тренерлер мен табысты кәсіпкерлердің басшылығымен бизнесті жүргізу дағдылары бойынша оқудан өтеді. Жоба түлектеріне бизнесті құру және дамыту, бизнес-жоспарды әзірлеу, кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелу, екінші деңгейлі банктердің несиесі бойынша «Даму» Қорының қаржылық құралдарын алуға өтініштер беру мен құжаттарды дайындау мәселелері бойынша консультация кеңестер мен тәжибибелік қолдау жасалынады.

Сонымен қатар қатысушылар жобаларының табысты жүзеге асырылуы және дамыту үшін қайтарамыз негізде табысты және тәжірибелі кәсіпкерлер арасынан Менторлар тартылады. Жобаның аясында қатысушылардың Старт-ап жобаларының бизнесті табысты жүргізу дағдыларын қалыптастыру және аяқтан тұрып кету кезінде тұрақты даму сатысына жету мақсатында тәлімгерлік институтын енгізу жоспарлануда.

Студенттер оқудан өткеннен кейін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының (одан әрі - КҚКО) мамандарының көмегімен жизнес-жоспарды әзірлеуге кіріседі. Екінші деңгейлі банктер, «Даму» Қоры, табысты кәсіпкерлер өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия бизнес түрінің экономиканың басым секторларына қатыстылығы, жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік әсері, экологиялық әсер/қоршаған ортаға әсері және қаржыландыру көлемі критерийлері бойынша ең үздік 3 жобаны айқындайды. Конкурс жеңімпаздары КҚКО базасында «Бизнес Хардкор әдісі» бизнесті бастау бойынша тәжірибелік оқуға жіберіледі.

Семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификат табысталады.

 

 




Яндекс.Метрика