Мәдениетті жаңғырту

ҚР-да мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар шығармашылығының XI республикалық фестивалі басталады

ҚР-да 2016 жылдың 5 сәуірінде бастап «Жұлдызай-2016» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар шығармашылығының XI республикалық фестивалі басталады.
Казахстан24 Наурыз , 09:54

Жыл сайын өтетін дәстүрлі шара биыл 11 рет ұйымдастырылмақ. Қазылар алқасы елдің 16 қаласын аралап өтеді: Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Қарағанды және Астана.

Олар жас таланттарды вакал, би, қолөнер бойынша іріктеп  алады. Екінші кезеңге өткен қатысушылар елдің басты сахнасында өнер көрсетеді.  Олар үшін шеберлік сыныптары, экскурсия, көрме мен отандық жұлдыздармен кездесу өткізіледі.

Айта кетейік, «BI-Жұлдызай» корпоративтік қайырымдылық қорының медициналық-әлеуметтік жобасының аясында 80-нен астам балаларға операциялар жасалды. Жоба 2013 жылы бастау алып, қазіргі таңда қазақстандық және шетел мамандардың арқасында табысты түрде жүзеге асырылуда.

11 жыл ішінде фестивальға 30 мың дарыны бар балалар қатысты. 3 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі  бала елдің үлкен сахнасында өнер көрсетті. 




Яндекс.Метрика