Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

35 миллионнан астам тұрғыны бар Қытай провинциясы қазақстандық маймен қамтамасыз етілетін болады

Алғаш рет Алматы облысының Достық стансасынан ҚХР Шэньси провинциясына 2 мың тонна күнбағыс және рапс майы экспортталды, деп хабарлады ҚР «Атамекен» ҰКП.
Алматы24 Наурыз , 09:23

Контейнер пойызын аттандыру салтанатты рәсіміне қазақстандық «Total Impex», қытайлық «Айцзюй» компаниялары және Қытайдың Алматыдағы консульінің өкілдері қатысты. Дайын өнімді экспорттау «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жүзеге асты. Енді отандық өнім 35 млн. тұрғыны бар Шэньси провинциясы жеткізіліп тұратын болады. Қазақстандық «Total Impex» компаниясының директоры Дәурен Тұрапбековтың айтуынша бұл пилоттық жоба алдағы уақытта еліміздің экономикасына жаңа инвестиция тартуға мүмкіндік бермек.

«Жоба қытайлық бизнес-қоғамдастыққа логистиканы әзірлеу мен кейбір көрсеткіштер бойынша үлгі болады. Өнімді жеткізудің нәтижесінде елімізге инвестиция тартуға мол мүмкіндік туады. Бұдан бөлек, биыл Солтүстік Қазақстан облысында жылына қуаттылығы 40-100 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін зауыт ашылатын болады. Алдағы уақытта жылына 100-150 мың тоннаға дейін өнім өндіретін мүмкіндігі болады»,-деді компания басшысы.

Оның айтуынша, аймақта  майлы дақылдарды өсіру шаруа қожалықтары үшін экономикалық жағынан тиімді болады.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арқасында бізде қытайлық серіктес пайда болды. Енді біз дайын өнімді тікелей жіберетін боламыз»,-деді Д.Тұрапбеков.

Келісім сомасы 573 млн. теңгені құрады. Қысқа уақыттың ішінде 20-40 контейнер май жіберу жоспаарлануда.

Қытай нарығы ұн, сүт және ет өнімдерін алуға да мүдделі екенін айта кету керек.




Яндекс.Метрика