Адами капитал

Э.Боев: Наурыз – шуақ пен көктемнің мерекесі

Наурыз мерекесі адамның мәдени саласында айтулы орын алады және түрлі мемлекеттерде кеңінен танымал. Наурыз мерекесінің салт-дәстүрі бұрыңғы заманнан келе жатыр. Ең алғаш үш мың жыл бұрын Иранда осы мерекені атап өткен. Бұл туралы «Иран тілді халықтың конгресі» БҰ төрағасы Эрадж Боев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.
Әлемде 22 Наурыз, 10:57

«Бірінші кезекте «нау» парсы сөзінен «жаңа» деген маңынаны береді, «рыз» - «күн». Наурыз жаңа күннің атқанын білдіреді және күн мен түннің теңелуі мен табиғаттың жаңаруын сипаттайды. Наурыз мейрамы ирандықтардың алғашқы күнтізбесі бойынша тойланды – қаңтардың Ораза айында. Бұл күні ежелгі парсы патшаларының таққа отыру күнін өткізді. «Шахнама» поэмасында Наурыз салт-дәстүрі аты аңызға айналған Жәмшід шахын билікке отыру күнімен байланысты. Ежелгі Иранда болып, наурыз мейрамы бүкіл Еуропа бойынша танымал бола бастады. Бүздің кезімізде ол иран тілділіктердің дәстүрлі мерекесі болып келсе, сол секілді түркі тілді халықтың да мерекесі. Олайша, Наурыз мейрамы парсы тілділердің мемлекеттік мейрамы болып саналады – Иранда, Ауғаныстанда, Тәджікстанда – және түркі тілді мемлекеттің – Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Түрменстанда және Әзірбайжанда. Ресейде бұл мереке Сұлтүстік Кавказ, Татарстан мен Бамшқұртстан аймақтарында кеңінен тойланады. Наурыздың салт-дәстүрі әр елде әрқалай. Иранда салтанатты мерей той 13 күн ішінде өтеді, соның ішіндегі 5 күні туған-туыстарына арналған күн. Меркелік бастама «Чахаршамбе Сури» болып табылады – яғни, Наурыз мейрамының алдындағы соңғы сәрсенбі. Мерекенің он үшінші күні «Сиздах-бедар» деп аталады. Оны табиғат аясында өткізеді. Наурыз мерекесінде әрбір отбасы кең дастархан жаяды – хафтсин, парсы әліпбиіндегі «с» және «ш» әріптерінен басталатын тамақтар. Тәдкстанда Наурыз мейрамы бірінші бәйшешек үулдерімен байланыстырылады. Ір аймақта бұл мерекені әр түрлі айтады: «Гулгардони», «Бойчечак», «Гули сияхгуш». Қазақстанда өздеріңіз білетіндей Наурыз мейрамынада «наурыз көже» дайындалады. Көптеген халықта Наурыз мерекесінде дәнді-дақылдардан түрлі тағам жасайды – сумонак, жұмыртқаны бояу, болжау, спорттық іс-шаралар, халық ойындары, соынмен қатар оттан секіру.  Айта кетейік, Наурыз мерекесі қазақ халқында атаулы тарихи шараның бірі болып келеді»,-деді Э.Боев.

Оның айтуы бойынша, көктем мерекесі Наурыз күнінде парсы мен түркілердің мәдениеті қосылған.

«Наруыз мерекесімен мифтік Қыдыр ата кейпі байланысты, ол халықта татулық пен бірлік береді, сонымен қатар қазақ ертегілерінің кейіпкерлері – Алдар көсе, Жиренше және Қарашаш. Наурыз мерекесін Қазақстанда үш күн тойлайды – 21-нен 23 наурызға дейін. Бүгінгі таңда Наурыз барлық әлемнің мәдені жетістігі болып табылады. Көпхалықты Қазақстан халқына табыс пен гүлденуді тілегім келеді»,-деді ол.

Данияр Қасымов  





Яндекс.Метрика