Парламент

Ә.Құсайынов: Қазақстандықтардың таңдауы халықтың заң шығарушы билікке деген сенімін дәлелдеді

Дағдарысқа қарсы шаралар туралы шешімнің жүзеге асып жатқан тұсында қазақстандықтардың таңдауы кезекті рет халықтың заң шығарушы және өкілетті билікке деген сенімін дәлелдеді, деп атап өтті Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов ОКҚ өткен баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан21 Наурыз , 17:09

«Бұл шынымен Қазақстанның жаңа даму сатысындағы тарихи оқиға.  Дағдарысқа қарсы шаралар туралы шешімнің жүзеге асып жатқан тұсында қазақстандықтардың таңдауы кезекті рет халықтың заң шығарушы және өкілетті билікке деген сенімін дәлелдеді. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы ұлттық бірліктің басты элементі болды. Әлемдегі экономикалық дағдарыс жағдайында Парламент жұмысы отандық экономиканы бәсекеге қабілетті жаңа вектор ретінде дамытуға өз үлесін қосатын болады»,-деп атап өтті. Ә.Құсайынов.

Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Парламент Мәжілісінің жаңа шақырылым депутаттарына қазақстандықтардың мүддесі үшін жасайтын жұмыстарына сәттілік тіледі.




Яндекс.Метрика