Халықаралық интеграция

ДИАҚБ/ЕҚЫҰ миссиясының басшысы Орталық сайлау комиссиясы ашық әрі кәсіби түрде жұмыс істегенін атап өтті

Орталық сайлау комиссиясы ашық әрі кәсіби түрде жұмыс істеді. Бұл туралы сайлауды бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ұзақмерзімдік миссиясының жетекшісі, елші Борис Фрлец осылай мәлім етті.
Нұр-Сұлтан21 Наурыз , 16:38

«Тұтастай алғанда, елде депутаттыққа кандидаттар сайлау барысында сайлауалды науқанын еркін жүргізе алды. Осы сайлауға 6 партия қатысты. ДИАҚБ-ның сайлауды бақылауы БАҚ-ты кешенді мониторингілеуді қоса атқарады. Мониторинг мемлекеттік БАҚ барлық үміткерлерге тең қолжеткізу жөніндегі ресми талаптарға сәйкес болуға тырысқанын көрсетті. Орталық сайлау комиссиясы кәсіби түрде жұмыс істеді және оның барлық сессиялары байқаушылар, БАҚ және саяси партияларға ашық болды», - деп атап өтті елші Қазақтандағы сайлау барысын бақылаған халықаралық байқаушылардың қатысуымен өткен баспасөз  мәслихаты барысында.




Яндекс.Метрика