Халықаралық интеграция

С.Лебедев: Қазақстан халқы елдің тұрақты дамуын таңдады

Қазақстан халқы елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отырған саяси күшті таңдады. Бұл туралы ТМД миссиясы бақылаушыларының басшысы Сергей Лебедев ҚР сайлауының қорытынды есебіне арналған баспасөз конференциясында айтты.
Нұр-Сұлтан 21 Наурыз, 16:24

«Сайлау комиссиясы мүшелерінің дайындығы жоғары және сайлау комиссиясы мүшелері жасарған. Біз оларға бірқатар сұрақтар қойып, өте жоғары дәрежелі жауаптар алдық. Бұл халықаралық жалпыға ортақ нормаға сай келетіні қуантады. Біздің мақсат – қандай да бір жетіспеушіліктер болса, соларды бақылау және сайлау ұйымдарын бақылау»,-деді С.Лебедев.

Сондай-ақ, ол кейбір кемшіліктер Орталық сайлау комиссиясына беріледі деп атап өтті. «Біздің ескертулер ескерусіз қалмайды деп ойлаймын»,-деп атап өтті ол.

«Кеткен қателіктер кереметтей үлкен мәселе емес. Бұл сайлау қорытындысына пәлендей әсер етпейді де. Орталық сайлау комиссиясы келтірге цифрлар Қазақстан сайлаушыларының да көңілінен шығады деп есептейміз. Қазақстан халқы өз таңдауын жасады. Қазақстан халқы елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отырған саяси күшті таңдады»,-деп атап өтті С.Лебедев.

Ботагоз Айтжанова

Фото автора





Яндекс.Метрика