Халықаралық интеграция

ЕКПА сайлауалды компаниялардың парламент сайлауын өткізу барысында ашық болғанын атап өтті

Мен осы сайлау өте үлкен прогресс барын көрсетті деп толық сеніммен айта аламын. Бұл сөзді ЕКПА делегациясының басшысы Хорди Ксукла Қазақстан сайлауынан кейінгі халықаралық бақылаушылар баспасөз конференциясында айтты.
Нұр-Сұлтан21 Наурыз , 16:03

«Мен осы сайлау өте үлкен прогресс барын көрсетті деп толық сеніммен айта аламын. Бұл жерде прогресс ретінде 6 партияның сайлауалды компанияларында өткен ашықтықты атап өтер едім. Сонымен қатар, ҚР ОСК-ң ұйымдастыру кәсібилігін де атап өткім келеді»,-деді Хорди Ксукла.

«Жалпы, бұл сайлаудан жақсы әсер алдым және прогресс бар екенін айрықша атап өтемін. Қазақстан азаматтарының өз пікірлерін білдіргендеріне сенімдімін. Еуропалық Кеңес Парламенттік Ассамблеясының атынан жаңы Мәжіліспен алдағы уақытта сіздердің елдеріңізде демократиялық институтты дамыту бойынша жұмыс істейміз деп атап өткім келеді»,-деді ол.




Яндекс.Метрика