Халықаралық интеграция

А.Цинкер: Қазақстанның ХҚКО-ы дауыс беруге айтарлықтай көмектесті

Сайлау учаскелерінің ішінде халыққа қызмет көрсетудің шағын орталықтарының болуы Қазақстанның сайлау жүйесін басқа мемлекеттердікінен ерекшелеп тұр. Бұл жөнінде Астанадағы халықаралық бақылаушылар брифингі барысында ТМД және Шығыс Еуропа елдері институтының директоры, Халықаралық сайлау жүйелерін зерттеу орталығының президенті Александр Цинкер мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 21 Наурыз, 15:54

«Сайлауға қатысты айтар болсам, мен екі нәрсені атап өткім келеді: біріншіден, бұқаралық. Яғни, халықтың сайлауға белсенді қатысуы. Сонымен қатар, қарт, науқас адамдар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы қойылған жәшіктер бос қалды. Себебі, ол азаматтар «біз ойымыздан айнып қалдық, сайлау учаскелеріне барып дауыс бергіміз келеді» деген пікір білдірген. Яғни, олардың сайлауға қатысуға деген қызығушылықтары үлкен. Екіншісі – бұл сайлау учаскелерінің ішінде халыққа қызмет көрсетудің шағын орталықтарының болуы. Бұл өте жақсы нәрсе және Қазақстанды көптеген басқа мемлекеттерден ерекшелеп тұрады. Егер, бір азамат өзін тізімнен таппаса, онда осы орталықтардың көмегіне жүгінеді. Орын алған келеңсіздіктер уақытылы шешіледі. Олай болмаса, бір емес, бірнеше дауыстардың жоғалатыны белгілі. Яғни, мен басқа мемлекеттерде мұндай жедел қызмет көрсету операцияларын байқамадым», – деді Израиль бақылаушысы. 

Еске сала кетейік, 20 наурызда, Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтті. Бұл маңызды саяси шараға 817 шетелдік бақылаушылар, 147 шетел БАҚ өкілдері қатысқан болатын.





Яндекс.Метрика