Халықаралық интеграция

ТМД миссиясы сайлау комиссиясы мүшелерінің дайындығы туралы қорытынды есепте айтты

Қорытынды есеп кезінде ТМД миссиясы сайлау учаскелерінің жақсы безендірілгенін және дайындықтың жоғары деңгейде болғанын атап өтті. Бұл туралы журналистерге ТМД миссиясы бақылаушыларының басшысы Сергей Лебедев айтты.
Нұр-Сұлтан21 Наурыз , 15:46

«Бұрынғы сайлауларға қарағанда осы жолғы сайлада нені аңғардық? Әрине, сайлау прцесіндегі дайындық деңгей қуантты бізді. Бұл тек біздің ғана пікіріміз емес. Сонымен қатар, батыстық бақылаушылармен ауысқан болатынбыз. Олар да сайлау учаскелерінің безендірулерін мақтап отыр. Барлығы бірдей болмағанмен, сайлау учаскелерінің басым бөлігі тамаша ғимараттарда орналасқан»,- деді С.Лебедев

Миссия басшысының айтуынша, бақылаушылар «сайлау комиссиялары мүшелерінің дайындық деңгейі артқанын және сайлау комиссиясы жасарғанын» атап өткен.

«Біз сайлау комиссиясынада жастардың көптігіне назар аудардық. Жас болғандарына қарамастан өте жақсы дайындалғандарын аңғардық. Біз оларға сайлауалды көптеген сұрақтар қойдық, олардан жоғары дәрежеде жауап алдық»,-деді ол.

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика