Халықаралық интеграция

Австриялық бақылаушылар қазақстандық жастардың саяси белсенділігін атап өтті

Австриядан келген бақылаушы, Еуропа Кеңесінің бұрынғы бас хатшысы қазақстандық жастардың саяси белсенділігінің жоғары деңгейіне таң қалысын жасырмады. Бұл туралы ол Астанада өткен парламенттік сайлауда дауыс беру нәтижелеріне арналған брифинг барысында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан 21 Наурыз, 15:37

«Қазақстанда бақылаушылардың байқағанымыз – сайлауға жастардың көптеп қатысуы. Қазақстанда жастар саяси үрдістерге аса зор қызығушылық танытады екен. Маған жастардың көп болуы, комиссия құрамында әйел адамдардың көп болуы өте ұнады. Сонымен қатар дауыс берудің құпиялылығын сақтауға қатысты ешқандай сын болмағанын атап өту керек. Аты-жөндері бойынша дауыс беру де дұрыс өткізілді», - деді В.Швиммер.

 «Біз сайлау кезінде куә болған жайттарға тәнті болдық. Бұдан бұрынырақта сіздердің елдеріңізде болған едік, біздің тәжірибеміз зор, біз сайлауды ұйымдастыру мен өткізуде көш ілгерілеулерді байқадық.  Кеше күні бойы біз бірнеше сайлау учаскелерінде болдық. Сайлау учаскелерінде дауыс беру өте жақсы ұйымдастырылған, жоғары сапа стандарттарына сай келеді деп нақты айта аламын. ОСК мүшелерінің жұмысын айрықша атап өткен жөн – олардың барлығы жақсы әзірлікпен, дайындықпен келген», - деп қостады әріптесін ЕҚЫҰ ПА бұрынғы төрағасы Вольфганг Гроссрук.

«Менің әріптестерім сіздердің елдеріңізде сайлау үрдісінің жақсы дамып келе жатқанымен келіседі деп ойлаймын», - деп қорытындылады ол.





Яндекс.Метрика