Адами капитал

Қазақстан Наурыз мейрамын тойлап жатыр (ВИДЕО)

Қазақстан мемлекеттік Наурыз мейрамын тойлап жатыр. Қазақстандықтар үшін бұл мерекенің орыны ерекше. Бұл мереке жаңарудың, жасарудың, махаббат пен достықтың мейрамы.
Нұр-Сұлтан 22 Наурыз, 10:03

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, әр отбасына бақыт, жетістіктер мен гүлдену тіледі.

«Осынау ізгі мереке Парламент сайлауын өткізу шарасымен қатар келді. Қазақстандықтар бір үйдің баласындай тұтастығын көрсетті. Халқымыздың осы бірлігі мызғымайтын болсын. Біздің жасап жатқанымыздың бәрі қазақстандықтардың кейінгі ұрпағына мұра болып қалады. Біздің болашаққа апаратын жолымыз зор жетістіктер мен Тәуелсіздігіміздің игіліктері арқылы жарқырап тұратын болсын. Барша табиғат жаңарған Наурыз мерекесінде адамдар әрдайым бір-біріне деген өкпе-ренішін кешірген, мұқтаждарға көмектескен, бақыт тілеп, ағаш отырғызған және бұлақ көзін ашқан. Халық бұл күні тілеген тілектер міндетті түрде орындалатынын айтады. Мен әрбір шаңыраққа бақыт, шаттық шуағын және бар жақсылықты тілеймін», - деді Қазақстан Президенті.

Еліміздің барлық аймақтарында халық дәстүрлі түрде мерекені атап өтіп жатыр. Астанада Наурыз мерекесінің құрметіне 70-ке тарта іс-шара ұйымдастырылған. Қаладағы 14 алаңда мерекелік шаралар жалғасуда.Қалалықтар ұлттық тағамдардан дәм татып, ұлттық ойындар ойнап,  елорданың шығармашылық ұжымдары ұсынатын мерекелік концертті тамашалай алады.

Анара Таныркулова





Яндекс.Метрика