Халықаралық интеграция

Қазақстанда сайлауға үлкен жауапкершіліпен қарайды – ҚХР-ң ҚР-дағы бұрынғы елшісі

Қазақстанда сайлау поцесіне үлкен жауапкершіліпне қарайды. Бұл жөнінде Астанада өтіп жатқан халықаралық бақылаушылар брифингі барысында Қытай Халық Республикасы тарапынан бақылаушы болған Қытайдың Қазақстандағы экс-елшісі, қоғам қайраткері Яо Пэйшэн мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 21 Наурыз, 14:26

«Мен осында келгеніме қуаныштымын. Төрт жыл ҚХР-ң елшісі ретінде қызмет атқарғанмын бұл елде. Маған Қазақстандағы Парламент сайлауын бақылау жүктелді. Бұл мен үшін үлкен құрмет дер едім.  Сайлау, шынында да, тыныш, сәтті және табысты өтті деп айта аламын. Біз өзіміз сайлау учаскелерінде болып, ондағы сайлау комиссияларымен, сайлаушылармен кездесіп, әңгімелестік және жалпы процесті бақыладық. Партия өкілдерімен сұхбаттасу барысында келелі мәселелерді талқыладық. Егер, қорытындылап айтар болсам, Қазақстан халқы Президент пен ел үкіметінің мемлекетті дамыту жөніндегі стратегиясын толық қолдайтынына көз жеткіздім. Сонымен қатар, қазақстандықтар сайлауға үлкен жауапкершілікпен қарағанын байқадық», – деді қытайлық бақылаушы.





Яндекс.Метрика