Халықаралық интеграция

ШЫҰ миссиясының бақылаушылары сайлаушылардың дауысын санау барысында ешқандай заң бұзушылық анықтаған жоқ

Миссия өкілдері сайлау учаскелерінің жабылуына, сайлаушылардың дауыстарын санауға, және дауыс беру қорытындысы туралы хаттама толтыруға қатысып, сайлаушылардың дауысын санау барысында ешқандай заң бұзушылық анықтаған жоқ. Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының бақалыушалыр басшысы, ШЫҰ бас хатшысы Азищ Носиров ОСК-да өткен брифингте хабарлады.
Нұр-Сұлтан 21 Наурыз, 14:21

«Миссия азаматтардың сайлау барысында белсенді болғанын атап өтеді. Миссия өкілдері барған барлық сайлау учаскелерінде саяси партиялардың бақылаушылары болды, Қоғамдық бірлестіктер, халықаралық ұйымдар және БАҚ өкілдері болды. Сайлау процесінде ешқандай шағым түскен жоқ»,-деді А.Носиров.

Оның атап өтуінше, миссия өкілдері сайлау учаскелерінің жабылуына, сайлаушылардың дауыстарын санауға, және дауыс беру қорытындысы туралы хаттама толтыруға қатысып, сайлаушылардың дауысын санау барысында ешқандай заң бұзушылық анықтаған жоқ.

Ботагоз Айтжанова





Яндекс.Метрика