Адами капитал

Н.Назарбаев: Біздің жастар болашаққа сенулері керек және болашақ үшін еңбек етулері қажет

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Наурыз тойланып жатқан этноауылда Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады.
Нұр-Сұлтан 21 Наурыз, 14:09

«Әз-Наурыз барша халқымызға құтты болсын! Осы жерге жиналған халыққа, барлық қазақстандықтарға шын жүрегіммен бақ-береке тілеймін. Ұлыстың Ұлы күні кешегі сайлаудағы ұлы жеңісімізбен қатар келді. Сондықтан Қазақстан халқы бір үйдің баласындай аман-есен жүріп жатқан жағдайымыз бар. Осы бірліктен Жаратқан бізді әр уақытта ажыратпасын. : Біздің жастар болашаққа сенулері керек және болашақ үшін еңбек етулері қажет. Барлық істеп жатқан жұмыс - келер ұрпақтың қамы. Келер ұрпаққа беретін аманатымыз елдің бірлігін сақтап, Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай қорғап, болашаққа жол салатын болсын! Халқымыз осы күні бір-біріне тілеген жақсы тілектер орындалады деген. Сондықтан мен баршаңызға, әрбір отбасына, әрбір азаматқа бақ-береке тілеймін», - деді Н.Назарбаев.

Еске сала кетейік, Наурыз мерекесін атап өтуге Астанада 70-ке тарта іс-шара өткізу жоспарланған. Қаланың 14 алаңында мерекелік іс-шара өтеді. «Астана Арена» стадионының аумағындағы алаңда, «Қазақ елі» монументінде, «Жерұйық» және «Студенттер»  саябағында, «Жастар» театрының алаңында, сондай-ақ, Мичурин мен Теміржол ауылдарында, «Шығыс Ильинка», «Пригородный», «Өндіріс» тұрғын алабтарында, «Наз» мемлекеттік театрының алдындағы алаңда іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Анара Таныркулова





Яндекс.Метрика