Халықаралық интеграция

Қазақстандағы сайлау тиісті деңгейде өтті - ИЫҰ

Қазақстандағы сайлау тиісті деңгейде өтті: ашық, бейбіт әрі айқын. Бұл туралы Астанада өткен брифинг барысында Ислам ұйымы ынтымақтастығы делегациясының басшысы, ИҰЫ-ң саяси мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Аболхассани Шахреза Али хабарлады.
Нұр-Сұлтан 21 Наурыз, 13:47

«Ең бірінші Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Сонымен қатар, ИЫҰ атынан ОСК-ң сайлауға шықырғандары үшін және көмектесіп, қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтқым келеді. Бұл - Ислам ынтымақтастық ұйымы байқаушы ретінде қатысып келе жатқан Қазақстандағы төртінші сайлау. Осының бәрінде Қазақстан халқы сайлау секілді аса маңызды саяси мәселеде оң тәжрибе жинақтағанын көрсетті», - деді Ислам ынтымақтастық ұйымы хатшылығының Саяси мәселелер департаментінің директоры Аболхассани Шахреза Әли.

 «Кеше біз Астанадағы бірқатар сайлдау учаскелерінде болдық. Қазақстан халқы өздерінің келешегіне жауапкершілігін түсінеді, сол үшін дауыс беруге келіп жатыр, деп түйдік. Кешегі сайлау тыныш, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Әділ, ашық болды. Ешқандай да өрескел қателіктер мен кемшіліктерді байқаған емеспіз. Бізге саяси партиялар атынан да, азаматтар атынан да ешқандай шағымдар түскен жоқ. Жергілікті партия байқаушыларымен жүздестік. Мен Қазақстан халқын сайлаудың сәтті өтуімен құттықтағым келеді. Болашақтарыңыз жарқын болсын», - деді Аболхассани Шахреза Әли.    





Яндекс.Метрика