Халықаралық интеграция

Түрік ПА: Қазақстандағы сайлау толық халықаралық стандарттарға сай өтті

Түркі тілді елдер Парламенттік Ассамблеясы миссиясының бақылаушы өкілдері Қазақстандағы сайлау әділ әрі халықаралық стандарттарға толығымен сай өтті деп есептейді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте делегация басшысы Халүк Ипек мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 21 Наурыз, 13:42

«Сайлауға Қазақстандағы дауыс беруге құқылы халықтың 77 пайыздан астамының қатысуы ерекше жағдай. Бұл басқа елдердің Парламент сайлауларымен салыстырғанда аса жоғары көрсеткіш. Бұған біріншіден, Қазақстанның азаматтарына сайлау үшін барынша жағдай жасалып, насихат жұмыстарының жан-жақты болғаны да әсер етсе керек. ТүркПА миссиясы тарапынан да, өз атымнан да сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтемін», - деді ТүркПА халықаралық сайлауды байқау миссиясының төрағасы Халүк Ипек. 

Оның айтуынша, бақылаушылар тобы бірқатар сайлау учаскелерінде болып, сонымен қатар, дауысты санау ісіне де қатысқан.

«Біз «Нұр Отан» партиясының сайлауалды штабында болдық. Сондай-ақ, басқа партия өкілдерімен де кездестік. Кездесу барысында сайлау барасымен танысып, Қазақстандағы электоральді компаниялар туралы көптеген ақпараттарға қол жеткіздік»,-деп хабарлады Халыүк Ипек.

Түрік ПА миссиясының пікірінше, азаматардың дауыс берулері үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, бақылаушылар техникалық процесс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.





Яндекс.Метрика